» » Қазақстанда ипотеканы арзандату жоспарланып отыр

Қазақстанда ипотеканы арзандату жоспарланып отыр

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың механизмін қайта қарау бойынша жоспарларды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс облыстарында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық. Сондай-ақ, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ипотекалық несиелеуді арзандатуды қарастырып жатырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында. 
Министрдің айтуынша, биыл коммерциялық банктер құрылысшыларға 125 миллиард теңге көлемінде қаражаттандырылған кредит бөлді. Ал ипотекаға 105 миллиард теңге бөлінген. "Банк секторын жандандыру арқылы жыл сайынғы несие көлемі 350 миллиард теңгеге жетеді, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымшылардың үлесі 12 пайызға өседі. Қабылданған шаралардың арқасында пайдалануға берілетін тұрғын үй саны 2018 жылы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6-8 пайызға өседі деп күтеміз", - деді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
14 ақпан 2018 ж. 957 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930