БАС ҚАЛА БАСПАНА САЛУДЫҢ КӨШ БАСЫНДА
Елорда республика бойынша баспана салудан көш бастап тұр. Өткен жылы Қазақстанда 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілсе, оның 2,4 млн шаршы метрі Астанаға тиесілі. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы, елімізде тұрғын үй салу жұмысы жыл сайын жанданып, құрылыс қарқын алуда. Өткен жылдың өзінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан. Осылайша, тұрғын үйді іске қосудың жылдық жоспары 111 пайызға орындалып отыр. Мұның барлығы «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жемісі дейді мамандар. Үкімет «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын 2016 жылдың соңында Президент тапсырмасымен дайындаған еді. Сол уақыттан бері «Нұрлы жер» бойынша 15 жылда 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаның негізгі мақсаты да халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешуге бағытталған.
Былтыр тұрғын үй құрылысына 979,8 млрд теңге инвестиция тартылған болатын. Бұл көрсеткішті 2016 жылмен салыстырсақ 18 пайызға жоғары. Өткен жылы салынған 100,8 мың баспананың 75,8 мыңы жеке сектор есебінен, ал 25 мыңы мемлекеттік инвестиция есебінен жүзеге асып отыр. Олардың 27,9 мыңы жеке үйлер болса, 72,9 мыңы көп қабатты үйлердегі пәтерлер.
Өңірлерде тұрғын үй құрылысына қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін 77,3 млрд теңге бөлінген еді. Өткен жылы тиісті қаржының 99,5 пайызы, яғни 76,9 млрд теңгесі игерілген.
Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруден 2,4 млн шаршы метрмен Астана қаласы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарды Алматы қаласы (1,9 млн м2), Маңғыстау (833 мың м2) және Ақтөбе (792,3 мың м2) облыстары иеленген. Жалпы, тұрғын үй салудан Астананың көш бастап тұруы қатты таңғаларлық құбылыс емес. Себебі, жыл санап өсіп, қанат жайған елорданың тұрғындар саны да күн санап артып келеді. Мұндай жағдайда баспанаға қажеттілік те күшейе түсетіні айтпаса да белгілі. Мәселен, өткен жылдың басында Астанадан үй алуға 44 мың адам кезекте тұрса, соның 6 мыңнан астамы 2016 жылы ғана кезекке тұрғандар. Ол уақыттағы кезектілік тәртібімен және тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде азаматтарға 603 пәтер берілген.
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2017-2021 жылдары Астана бойынша шаршы метрі 1000 АҚШ долларына дейінгі бағаға 40 мың пәтер тапсырылады деп жоспарланған еді. Соның ішінде бюджет қаржысы есебінен қалалық құрылыс басқармасы арқылы 8247 пәтер, яғни 5940 несиелік, 2307 арендалық баспана ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сәйкес бағдарламаға екінші деңгейлі банктерді белсенді тарту және оны іске асырудың тиімділігін арттыру туралы өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп, қабылданды. Енгізілген алғашқы өзгерістер бағдарлама тетіктерін өзектендіруді көздейді. Құжатқа Астана қаласында тұрғын үй құрылысының проблемалы нысандарын қаржыландыру тетігін іске асырудың нормаларын регламенттейтін бөлім қосылды. Аяқталуы тиіс нысандар тізімін қала әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы анықтайды. Мұның өзі елордадағы ең өзекті баспана мәселесінің біршама шешілуіне өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, көпшілік көкейінде жүрген тағы бір мәселе – «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Астанадан жер алу жайы. Алайда жақында Үкімет үйінің баспасөз орталығында айтылған мәліметке сүйенсек, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу тәртібі бойынша Астана мен Алматыдан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу қарастырылмаған. Бірақ жерге болмаса да үйге қол жеткізуіңіз әбден мүмкін. 20 жылдық мерейтой қарсаңында «Нұрлы жер» бағдарламасымен Астанада бой көтеретін баспана қатарының әлі де артары сөзсіз.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікір 2