Түркістандағы жаңа әуежайдың Гиннестің рекордтар кітабына енуі болжануда
Түркістан облысындағы жаңа әуежай ғимараты әлемдегі ең жылдам салынған аэропорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Инвестор әлемдегі ең жылдам әуежай құрылысына Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бергісі келеді. Бұл ретте Түркістан Hazret Sultan Airport (HSA) сапасы зардап шеккен жоқ", - деп жазды Қалқаманов Facebook-те.
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласынан келген делегация әуежай құрылысының барысын бақылап кетті.
"Қонақтарды ұзындығы үш шақырымнан асатын ұшу-қону жолағымен алып жүрді. Мұнда алып ұшақтардың да қонуы жұмсақ болады, дейді құрылысшылар", - деді әкім орынбасары.
Әуежайды техникалық іске қосу қыркүйек айының соңында жоспарланып отыр, ал жолаушылар Түркістанға 2021 жылдың қаңтарынан бастап ұшып бара алады.
Айта кетейік, Түркістан қаласынан 16 шақырым жерде Шаға ауылында салынып жатқан халықаралық әуежай осы жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінде қаңтар айында хабарланды.
Компанияның бас директоры Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы заманауи құрылыс технологиялары мен халықаралық стандарттарды пайдалана отырып салынды. Терминал жылына үш миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.
Терминал және ұшу-қону жолағы бар объектінің жалпы ауданы 900 гектарды құрайды.