» » Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Гиннестің рекордтар кітабының комиссиясы ақтөбелік дәрігерлердің қан қысымын өлшеу бойынша рекордын ресми түрде растады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.


ÐÒÑөбелÑк дÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÐиннеÑÑÑÒ£ ÑекоÑдÑÐ°Ñ ÐºÑÑабÑна ендÑ

«Таядуа біздің рекордымыз ресми түрде тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгені туралы көптен күттірген жаңалықты алдық. Акцияға қатысқан әр дәрігерге алғыс білдіреміз», – дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде қан қысымын өлшеу бойынша көлемді акция 2018 жылдың шілде айында өткен еді. 500 дәрігер 1 сағаттың ішінде 18-60 жас аралығындағы 4 270 тұрғынның қан қысымын өлшеп, оларды алынған мәліметпен таныстырып, тиісті кеңес берді.

ÐÒÑөбелÑк дÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÐиннеÑÑÑÒ£ ÑекоÑдÑÐ°Ñ ÐºÑÑабÑна ендÑ


Сонымен қатар акцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Мұнан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш берген еді.

Айта кетсек, бұған дейін қан қысымын өлшеу саны бойынша рекорд Үндістанға тиесілі болған. Үндістандық дәрігерлер бір сағаттың ішінде 3 600 адамның қан қысымын өлшеп үлгерген.

Stan.kz 



08 қаңтар 2019 ж. 694 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930