Ақтөбелік 8 жасар бала кеудесін жерден көтеру бойынша рекорд орнатты
Ақтөбелік оқушы Мұса Түркімбаев кеудесін жерден 1 013 рет көтеріп, Қазақстандағы рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
«Мұса кеудесін жерден 1 600 рет көтере алады. Бұған дейін алматылық Қазақстандағы рекордты жаңартып, кеудесін жерден 1 000 рет көтерген еді. Бізге бұл көрсеткіштен аздап асып түсу керек болды. Кереметтей дайындалған жоқпыз. Сынақ туралы бір күн бұрын ғана біліп, жеңеміз деген сеніммен қатыстық», – дейді Мұсаның әкесі Асхат Түркімбаев.
Биыл Мұса дзюдомен айналыса бастаған. ол өзінің спорттық жетістіктерін мұнан әрі де жалғастырмақ. 8 жасар бала үшін Гиннес рекордын орнату да қиындық етпейді. Тек құжаттарды жинау кедергі келтіріп тұрған көрінеді.
«Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін көптеген құжат жинау керек. Біз одан бас тарттық. Алдағы уақытта Мұса өзінің жаттығуын жалғастырып, жаттығу бағытын да нақтылайтын болады», – дейді Мұсаның әкесі.
Stan.kz