Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы Қазақстанның рекордтар кітабына кірді
Мұса Тұрқұмбаев турникке тартылудан спорттық рекорд орнатты. Мұса 8 жаста болса да, турникте 42 рет тартыла алады. Баланың көрсеткіштерін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алғашқы сабақтардан-ақ байқай бастаған. Турникте тартылудан бөлек, 1600 рет кеудесін жерден көтере алатын көрінеді.
Бұл туралы 24-арна хабарлады.Ол 3 жасынан бастап спортқа қызыққан. Баланың жаттықтырушы бапкері өзінің әкесі. Ол көп жылдар бойы еркін күреспен айналысқан.
«Дене шынықтырудың алғашқы сабақтарында-ақ Мұсаның белсенділігін байқадым. Мұндай балалар сирек кездеседі. Егер үнемі жаттығып тұрса, баланың болашағы жарқын болады деп сенемін», – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Роман Дмитриев.
«Қазақстан бойынша турникке тартылудан жасаған рекорд 42 болса, өзім үшін 50. Арманым дзюдодан үш дүркін олимпиада чемпионы болу. Сондай-ақ, жүксіз және жүк көтеріп тартылудан дүниежүзілік рекорд жасап, чемпион болу»,- дейді бірінші сынып оқушысы Мұса Тұрқұмбаев.
http://stan.kz