» » Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнаттыАҚШ-та Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі кабельді теледидардағы қаралымы бойынша 2018 жылдың рекордын орнатты.

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі кабельді теледидар көрермендерінің саны бойынша рекорд орнатты. Жекпе-жекті орташа есеппен 1, 249 миллион адам тамашалаған. Көрермендердің максималды саны 1,361 миллион адамды құрады.
Головкин  мен Мартиросянның жекпе-жегі қаралымы бойынша ауыр салмақтағы боксшылар Уайлдер мен Ортистің жекпе-жегінен асып түсті.
Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жұдырықтасып, 2 раундқа созылған жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.
09 мамыр 2018 ж. 754 0