Пойыз қағып өткендей болды: Головкиннен жеңілген Мартиросян оның соққысының күшіне қайран қалды
Америкалық боксшы Ванес Мартиросян қазақстандық Геннадий Головкиннің соққысы «соншалықты күшті болады» деп күтпегенін айтты. Бұл туралы Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Головкин мен Мартиросянның Карсонда өткен жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Армения жерінің тумасы үшін бұл жеңіліс спорттық мансабындағы алғашқысы болып отыр.
«Мені пойыз қағып өткендей болды. Бір ғана соққысы емес, барлық соққысы күшті болды. Маған ешқашан мұншама қатты соққы берген емес», – дейді Мартиросян.
Сондай-ақ, ол Канелоның неліктен допинг қолданғанын түсінетінін айтты.
“Канело” әлі көп нәрсені дәлелдеуі тиіс. Енді мен оның неліктен “ондай ет жегенін” түсініп отырмын”, – дейді Мартиросян.
Айта кетсек, Головкин 20-сыншы рет өзінің чемпион титулын қорғап, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты.