Әлем көз тіккен бокс кешінен бұрын Головкин мен Мартиросян кездесті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян алғаш рет көз арбасты. Боксшылардың жекпе-жегі 5 мамыр күні (Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда) өтеді. Калифорния штатындағы Карсон қаласында орналасқан "StubHub Center" аренасында өтетін бокс кешінде қос спортшы орта салмақтағы мықтыны анықтайтын болады.
Ванес Мартиросян тегі армениялық боксшы. Ол 4 жасқа толғанда отбасы АҚШ-қа қоныс аударған. Ал бокспен 7 жасынан бастап шұғылдана бастаған. Әкесінің өзі әуесқой боксшы болған. Ұлының да бокста биік белестерді бағындырғанын қалаған. Ол кәсіпқой бокстағы барлық жекпе-жектерін бірінші орта салмақта өткізген. 33 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жеткен. 2012 жылы кубалық Эрисланди Ларамен тең түседі. Араға бір жыл сала америкалық боксшы Деметриус Андрадеге ұпай айырмасымен жол беріп, алғаш рет жеңіледі. 2015 жылы отандасы Джермелл Чарлодан жеңілген. 2016 жылы кубалық Эрисланди Лараға қарсы кездесу өткізіп, ұпай айырмасымен ұтылған. Одан бергі 2 жыл ішінде шаршы алаңға шықпаған. Америкалық боксшы 20 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Ал бұл нәтижесін Геннадий Головкинмен салыстыруға келмейді. Отандасымыз 38 жекпе-жек өткізіп, тек Сауль Альвареске қарсы кездесуінде ғана тең түсті. 33 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Дереккөз: massaget.kz

Пікір 1