» » Жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ міндет


Сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ іс. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Елімізде сыбайлас жемқорлықтың құрығына ілініп, мемлекет қазынасындағы қаржыны құлды қылғандар заң алдында жауап беріп жатыр. Бұл ата-бабамыз айтып өткендей «Ұрлықтың түбі – қорлық» болатының білдірсе керек. Жалпы, қазынаның қаржысын қалтаға салғандар қашып құтылмайды. Мемлеттік қызмет халықпен биліктің арасындағы алтын көпір. Сондықтан, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты төкпей-шашпай халыққа жеткізу мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті. Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшіге артылар жүк те жеңіл емес. Есесіне, олардың атқарған жұмысына қарай еңбегі бағаланып отырады. Сол үшін, мемлекеттік қызметші ең алдымен болып жатқан өзгерістерді өзінен бастауы керек. Халықтың алдында әдепті, үлгілі, сыпайы болуы шарт. Сонымен бірге, цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіріп, қағазбастылықтан арылып, электронды жүйеге көшу мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл мемлекеттік қызметті жеделдетіп, сыбайластық дертін алдын алуға да сеп болмақ.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сондықтан бүгінгі қоғамдағы жемқорлық көріністерімен бірге күресу, сыбайластық әрекетін болдырмау мәріміздің міндетіміз әрі борышымыз деп білемін.

Куляим КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
18 қыркүйек 2020 ж. 321 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031