» » Қазақстанда Кавасаки тәріздес синдроммен ауыратын балалар саны 39-ға жетті

Қазақстанда Кавасаки тәріздес синдроммен ауыратын балалар саны 39-ға жетті

Қазақстандағы Кавасаки тәрізді синдроммен ауырған балалардың қазіргі жағдайы туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Жалпы наурыз айында республикада 2,5 мың бала COVID-19 ауруымен ауырды. Бүгінгі күні балалардағы коронавирустың пайда болу жағдайы тұрақты.

"Коронавирус инфекциясынан кейін балаларда пайда болатын мультижүйелік қабыну синдромына немесе кавасаки тәрізді синдромға қатысты жағдай да тұрақты. Бүгінгі күні балаларда осы синдромның 39 жағдайы тіркелді, олардың 60% -ы сауығып, 40% -ы емдеуді жалғастыруда", - дейді Риза Боранбаева.

Ауруды үйде емдеудің қажеті жоқ, өйткені бұл қиын, кейде тіпті қарқынды реанимациялық көмекті қажет етуі мүмкін. Сондықтан мұндай белгілер байқалса, дәрігерге қоңырау шалу қажет.

"Аурудың клиникалық көріністері - температураның 38 градустан жоғары көтерілуі, ол 24 сағатқа немесе одан да көп уақытқа созылады. Парацетамол, ибупрофен секілді препараттар мұдай жағдайда көмектеспейді. Сондай-ақ бірқатар клиникалық белгілер байқалады. Мәселен, денеде бөртпе, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс жетіспеушілігі, ентігу, жүректе ауырсыну, конъюнктивит, алақан мен аяқтың ісінуі", - дейді маман.

Бұл синдромның нағыз кавасаки ауруынан айырмашылығы, бұл синдром барлық жастағы балаларға, соның ішінде жасөспірімдерге, 21 жасқа дейінгі жастарға әсер етеді.


28 қыркүйек 2020 ж. 189 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930