» » Еліміздің 16 өңірінде қайтадан қатаң карантин шаралары енгізіледі

Еліміздің 16 өңірінде қайтадан қатаң карантин шаралары енгізіледі

Үкіметтің отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лязат Ақтаева демалыс күндерден бөлек коронавирус жағдайына байланысты карантин шаралары күшейтіліп, шектеулер енгізілетінін айтты.  
"Қосымша қатаңдату шаралары 16 өңірде енгізілді. Вирустың өршуін ескере отырып  Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында демалыс күндері карантин шараларын қатаңдататын болдық. Көптеген шектеу шаралары енгізіліп, бірқатар мекемелер 20-21 маусым жабық болады", - дейді Ақтаева. 
Сонымен қатар министр вирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтып берді. Бүгінде елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 24 мыңға жеткен
"Қазақстанда коронавируспен ауыратын 23 960 пациент тіркелді, олардың 16 351-симптоматикалық және 7 609-ы асимптоматикалық. 13 716 пациент емдеуді жалғастыруда. 10 139 науқас қалпына келтірілді, 105 науқас қайтыс болды", - деді Ақтаева.

19 маусым 2020 ж. 541 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031