» » 370 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған

370 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған

Коронавирус инфекцисын жұқтырған медициналық мамандар арасында медбикелер көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтып берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Инфекция жұқтырған медициналық қызметкерлер арасында ауыр халде жатқандар жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанның 13 өңірінде 370 медициналық қызметкердің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді. Әсіресе, Алматы қаласында - 197, Нұр-Сұлтан - 92, СҚО - 15, Атырау облысында - 17 медициналық қызметкер ауру жұқтырған», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 28 пайызы - дәрігерлер, 48 пайызы - медбикелер және 23 пайызы - кіші медициналық қызметкерлер.
16 сәуір 2020 ж. 515 0