"776 миллион теңге шығын". Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Қызылорда облысында бюджетке 776 миллион теңге шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "СТОП ОБНАЛ" жедел-іздестіру шаралары аясында қылмыстық топты ұстады. Топ ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан.
"Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал көлемі 776 миллион теңге. Қызылорда облысы бойынша ЭТД ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1,2-бөлігі бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық топтың басшысы және оның қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Қаржы мониторингі комитетінің хабарламасында.
kaz.tengrinews.kz