» » Асқар Мамин карантин талаптарын күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин карантин талаптарын күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысы барысында бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Мамин елдегі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды күшейту мәселесіне тоқтады. Басқа шекаралас мемлекеттер арасында вирустың таралуының жаңа толқыны басталып жатқанын ескерген ол 15 қазанға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

"Жалпы елдегі санитарлық эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Дегенмен әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері санитарлық эпидемиологиялық іс шараларды жүргізіп, дайындықты қамтамасыз етсін", - дейді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, Мамин өңірлерді толыққанды қамтамасыз етіп, карантиндік бақылауды күшейту керек екенін тілге тиек еткен. 

"Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі медициналық кешендер мен жедел жәрдем автокөліктерін қажетті техника мен жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуды қамтамасыз етіп, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге тарату бойынша барлық қажетті шаралар қабылдансын. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға келетіндерді карантиндік бақылауға алуды күшейтсін. Министрлікке карантин талаптардын күшейтуді, ережеге бағынбағандарға жаза қолдануды тапсырамын", - дейді премьер-министр. 
30 қыркүйек 2020 ж. 299 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031