» » Беларусь президенті Қазақстан премьерінің алдында кешірім сұрады

Беларусь президенті Қазақстан премьерінің алдында кешірім сұрады

мамин

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнен кешіккені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан премьері Беларусь басшысымен кездесу өткізді.
Беларусь президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан премьер-министрімен кездесу алдында Александр Лукашенконың Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуі болған.
Осыған байланысты Беларусь басшысы қазақстандық қонақтың алдында кешірім сұрады.
"Бірінші рет Ресей премьер-министрімен кездестім. Өте көп мәселелер бар. Айтпақшы, біздің ортақ мәселелеріміз туралы әңгіме болды. Мені күткеніңіз үшін рахмет", - деді Лукашенко.
Қазақстан премьер-министрімен келіссөздер кезінде Александр Лукашенко екі елдің экономикаларды дамыту бойынша мақсаттары ұқсас екенін атап өтті.
Асқар Мамин екі елдің стратегиялық әріптестігіне, халықтардың жақындығына және екі мемлекеттің көшбасшылары арасындағы жақсы жеке қатынастар барын атап өтті.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Минскіде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, онда ЕАЭО премьерлері денсаулық сақтау және халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті.

18 шілде 2020 ж. 483 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930