Алматыда күтпеген жерден мамыргүл гүлдеді
Алматылықтар ғажайып табиғат құбылысының куәсі болды: қазанның басында мамыргүл гүлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғыны Кекілбайұлы көшесіндегі Mega Towers тұрғын үй кешенінің жанында мамыргүл бұтасын суретке түсірген.
"Біздің үйге қарама-қарсы жерде мамыргүл гүлдеді. Кеше қыздарыммен және итпен кешкі серуенге шыққанда байқадым. Мұндай құбылысты күзде бірінші рет көріп отырмын, сондықтан назар аударып, таң қалдым. Міне, тосынсый. Табиғат соншалықты тазарған. Бұл қалыпты жағдай ма, әлде бұрын байқамағанмын ба?" - дейді Дина.
Алматы тұрғыны суретті өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Желі қолданушылары оның гүлдегеніне таңданысын білдіріп жатыр.
Тағы бір қала тұрғыны жұмыс орнының жанында бірден үш ағаш екінші апта гүлдеп тұрғанын жазды.
Тағы бір қала тұрғыны жұмыс орнының жанында бірден үш ағаш екінші апта гүлдеп тұрғанын жазды.
Айта кетейік, Қазақстанда күзде мамыргүл бірінші рет гүлдеп тұрған жоқ. 2010 жылы БАҚ өкілдері Шымкентте осындай табиғи құбылыс болғанын жазған еді. Сол кезде қазанның ортасында алма ағаштары мен мамыргүл гүлдеген.