» » Цой: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларымен тұспа-тұс келеді

Цой: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларымен тұспа-тұс келеді

Онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ол Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны қараша және желтоқсан айына тұспа-тұс келуі мүмкін екенін айтты.

"Елімізде коронавируспен орта және ауыр формада ауырғандардың антиденелері азайып жатыр. Сол себептен, оларың қайта коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары. Әлемде қайта жұқтыру жағдайлары бар. Қазақстанда әлі тіркеле қойған жоқ. Бірақ жаппай қайта жұқтыру болуы қаупі бар", - дейді Алексей Цой.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі қазіргі жағдайға қатысты түсіндірді.

"Маусымдық инфекциялардың стратификация ықтималдығын азайту және коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына байланысты ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап мақсатты топтарға вакцина егілуде. Ол үшін 2,2 миллион доза тұмауға қарсы вакциналар сатып алынды, бұл республиканың барлық тұрғындарының 11% -ын қамтиды. ДДСҰ ұсынған қамтудың ең төменгі шегі - 10%. Қазіргі уақытта 1,8 миллионға жуық адамға вакцина егілді. Вакцинация осы аптаның соңында аяқталады", - дейді Цой.

stan.kz
14 қазан 2020 ж. 168 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930