» » Асаба полицей формасында тойға кіріп келіп, жұртты састырды

Асаба полицей формасында тойға кіріп келіп, жұртты састырды

Видеодан алынған кадрлар


Қарағанды облысында асаба полицей формасында тойға кіріп келіп, жұртты састырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға қарағанда, адам толы киіз үйге полицей формасындағы ер адам кіріп, жүргізушіден микрофонын сұрап алады. 

"Қайырлы кеш, құрметті қонақтар. Мен де қазақпын, бірақ бұл заң бұзушылық. Елде не болып жатқанын білесіздер. Ұйымдастырушылар қайда? Келіңіздерші, қанша адам отыратынын көріңіз. Бір үстелде 12 адам бар, бәрі бір-біріне жақын отыр, мұнда 20 адам. Неге көңілсіз отырсыздар? Неге қол шапалақтамаймыз?" - деді полиция формасындағы ер адам.

Әрі қарай, ер адам полицей емес, шоумен және жүргізуші екені белгілі болады. 

"Шошып кеттіңіздер ме? Жандарым, той құтты болсын ағайын!" - деп жалғастырды шоумен полиция қызметкерінің формасын шешіп.

kaz.tengrinews.kz

16 қазан 2020 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 033

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30