» » Халық дәрі-дәрмекке ақша шығармайды: Цой тегін препараттар тізімі толықтырылғанын айтты

Халық дәрі-дәрмекке ақша шығармайды: Цой тегін препараттар тізімі толықтырылғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысы барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Министр коронавирустан үйден емделетін науқастарға берілетін тегін дәрі-дәрмектің тізімі толықтырылғанын айтты. Цой бұл халық үшін тиімді болатынын жеткізген. 

"Амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирус анықталған науқастың ауруы жеңіл формада болса, ПТР тестің нәтижесіне қарамастан, тіркелген ауруханадағы дәрігерінің нұсқаулығы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бір миллионға жуық адамды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл халықтың дәрі-дәрмекке құртатын шығынын азайтады", - дейді Цой. 

stan.kz


20 қазан 2020 ж. 239 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930