Қысқы қолғаптар резеңке қолғап секілді коронавирус жұқтыру қаупін азайтады - вирусолог
Қарапайым қысқы қолғап резеңке қолғап секілді коронавирустан қорғауы мүмкін, алайда COVID-19-дың адамнан адамға таралу тиімділігі әлі түсініксіз және қолғаптың қандай роль атқаратынына баға беру қиын. Бұл туралы Сеченовский университетінің Медициналық паразитология, тропикалық және векторлық аурулар институтының директоры Александр Лукашев мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің бас инфекционисі, профессор Владимир Чуланов қолғап пен антисептиктерді дұрыс қолдану - жұқпалы аурулардаың алдын алу шарасымен бірдей екенін, алайда бірнеше рет қолданылатын шүберек қолғаптар коронавирустан қорғамайды, керісінше вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін айтқан болатын. Артынша РАН академигі, Мемдума депутаты Геннадий Онищенко бірнеше рет қолданылатын қолғап коронавирустан қорғануда тиімсіз деп баға берген дәрігерлерді сынап тастаған болатын.
"Қолғаптар вирус жұқтыру қаупін азайтады, бірақ, біріншіден, резеңке қолғап киюдің қажеті жоқ. Одан бөлек, шүберек қолғаптар да, қыстық қолғаптар да коронавирус жұқтыру қаупін азайта алады. Екіншіден, қолғапты киіп, мұрынды ұстауға болмайды. Үшіншіден, расында, коронавирустың адаммен байланысу арқылы тарау тиімділігі әлі түсініксіз және қолғаптың қандай роль атқаратынына баға беру қиын", - дейді Лукашев.