» » Қазақстандағы 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері сатылатын болды

Қазақстандағы 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері сатылатын болды

Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған.


ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Жанат Жахметова мұнай және газ жер қойнауы учаскелері туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

Жахметованың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады.

- 2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда, олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 400 млн.теңге. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті, - деді Жанат Жахметова.

- Көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы км.

Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған (қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады). Бұл игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер болып табылады. Осы уақытқа дейін аукциондар көзбе-көз режимде өткен, қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде, аукцион залдарына бару қажет еді. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады.

ernur.kz



28 қазан 2020 ж. 381 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930