» » Қызылорда облысында өнім өндіру 3,5%-ға артқан

Қызылорда облысында өнім өндіру 3,5%-ға артқан

Қызылорда облысында 2020 жылдың 9 айында өнім өндіру 3,5%-ға артып, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да көбейген. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.

«Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру осы жылдың 9 айының қорытындысымен 3,5%-ға, ауыл шаруашылығында 3,1%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ға (45-тен 47,4 мыңға дейін) өсті», – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кету керек, биыл Сыр өңірінде 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық.
Сонымен қатар, өңірде өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі 69,5%-ды құраған.


23 қараша 2020 ж. 331 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031