» » Қызылорда облысында 46 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды

Қызылорда облысында 46 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды

«Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны, кәсіпкерлікпен айналысатын халықтың саны да артқан. Шағын және орта бизнестен түсетін салық көлемі де былтырдың өзінде 11 пайызға өсіп отыр», деп мәлімдеді аймақ басшысы халыққа есеп беру жиынында, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың айтуынша жұмыс істеп тұрған 46 мың кәсіпкерлік субъектісінің 22 пайызы ғана жылына 2 млн. теңгеден артық табыс түсірген.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнестің өңірдегі өндірілген өнімдегі үлесін 2025 жылға 35 пайызға жеткізуіміз керек. Ал, бізде,өткен жылдың 9 айы бойынша 16,5 пайыз ғана. Өңірде жалпы көлемі – 910 гектарды құрайтын 6 индустриалдық аймақ жұмыс жасауда. Оның ішінде 54 жоба (193,7 млрд.теңге) орналасып, 237,5 гектар жер телімі ғана игеріліп тұр. 636 гектар учаскесі бос. Сондықтан, біз осы индустриалдық аймақтардың мүмкіндігін барынша пайдалануымыз қажет»,  – деді ол.

Аймақ басшысы «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға шақырды. 

«Енді халық тұтынатын қарапайым тауарлар шығаруға бағытталуымыз қажет. Бұрында біздегі тігін фабрикасы, аяқ киім фабрикасы қандай сапалы өнім шығарғаны естеріңізде болар. Табиғи теріден жасалған балалар аяқ киімі тіпті алыс шетелдерге де экспортқа шығарылған болатын. Неге, біз төсек-орын жабдығын өзімізде шығаруға мүмкіндік бола тұра бүгінде шетелден әкелеміз?! Бізде қаражат та, шикізат та, жұмыс күші де бар», – дейді Қуанышбек Досмайылұлы.



19 ақпан 2020 ж. 412 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930