» » Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады

Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады


Синоптиктердің болжамынша 16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында тағы да нөсер жауын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында жарияланды. «16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанда мол жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан жазық жерлерде қарғын су жүріп, таулы өлкелерде тасқын болуы мүмкін. Өзендер арнасынан асып, маңайына жайылады деп күтілуде», - делінген департамент мәліметінде.
Қазіргі таңда облыс бойынша орташа ауа температурасы - минус 16 градусты көрсетіп тұр. 14 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнге қарай тұман түсуі күтілуде.

14 наурыз 2018 ж. 1 011 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31