» » Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады


23 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ болса, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болса, күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с артуы мүмкін. Қарағанды облысында да тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман болуы болжанады. Күндіз Қызылорда облысында көктайғақ болса, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, ал Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
23 ақпан 2018 ж. 1 410 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30