» » Бүгін бірнеше облыста күн аяз болады

Бүгін бірнеше облыста күн аяз болады


Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар жауады. Бірнеше облыста қатты аяз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С болады.
22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С жетеді.
Астана қ: 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.
22 қаңтар 2018 ж. 1 109 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930