» » Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді


Шымкентте салмақтары сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл облыс бойынша жыл басынан бергі дүниеге келген екінші үшем, деп хабарлайды Stan.kz, ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген. Жас ана үш ұл баланы наурыздың 5 күні ота жасау тәсілімен босанған.



Дәрігерлердің айтуынша, 35 аптада, айы – күні толмай туылған сәбилердің салмағы 2400 грамм, бойы – 45 см, 2600 грамм, бойы –  46 см, 2700 грамм – бойы 48 см екен. Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған, дейді дәрігерлер.
Үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат Шардара ауданының тұрғындары. Енді оларды бала көбейгендіктен тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастағанын айтады. Олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр.
Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата – әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген.


http://stan.kz
14 наурыз 2018 ж. 1 280 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 840

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031