Білім вице-министрі ЖОО-ның барлық құжаттары электронды форматқа көшірілетінін айтты
Қазақстандық студенттер диплом жұмысы электронды форматқа көшетін болды. Бұл туралы Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов дипломдық және диссертациялық жұмыстардың электронды форматқа өтетіні туралы бұйрық шыққанын айтты. Бұл қағазбастылықтан арылуға көмектеседі.
"Білім және ғылым министрлігі қағаз құжат айналымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді, яғни біз құжаттардың электрондық форматқа ауыстырылуы тиіс және қағаз форматы жойылады деген тиісті бұйрық қабылдадық. Жазда біз дипломдық, магистрлік диссертацияларда көк мөр мен көптеген қолтаңба қоюға мәжбүр болатынт.б. баспа нұсқаларын жою керектігін айтқан едік. Өйткені студенттер бұл нұсқаларды электронды форматта бере алады. Сондықтан жоғары оқу орындары да үлкен жұмыс атқарды. ЖОО-ның барлық құжаттары электронды форматқа көшірілді, яғни бүгін құжаттармен бірге жүрудің, оларды жеке қағаз форматта тапсырудың қажеті жоқ", - дейді ол.
stan.kz