» » Нұр-Сұлтанда дәрігерлер бір жастағы қыздың басынан теннис добы пішініндегі ісікті алып тастады

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер бір жастағы қыздың басынан теннис добы пішініндегі ісікті алып тастады

Өмірге келген кезде қыздың ісігі қал сияқты болған. Дәрігерлер қыздың ата-анасына ісіктің өсуі мен түсін бақылап отыру керек екенін айтқан. Бірнеше айдан кейін нәрестенің ата-анасы ісіктің тенис добының көлеміндей болып өскенін айтып дабыл қаққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Дәрігерлер дақтың өсуі мен түсінің динамикасын қадағалаңыздар деді. Біз гемангиома кішірейеді деп үміттендік, бірақ ісік өсе бастады және біз дабыл қақтық", - дейді қыздың анасы.

Осыдан кейін ісіктің себебін білу үшін баланы бірнше сынықтан өткізіп, тексеру жұмыстары жүргізілді. 

"Біз барлық жерге бардық. Бірақ ұлттық ана мен бала орталығында да ісік туралы нақты ақпарат бере алмады. Бізге ота жасаудан қорықты", - дейді әйел.

Нәтижесінде көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының мамандары көмекке келді. Дәрігерлер ісікті жою үшін жедел хирургиялық араласу туралы шешім қабылдады. Олар қызда қан тамырларының туа біткен ісігі бар екенін мәлімдеді. 

"Гемангиома алынып тасталды. Зақымданудың едәуір мөлшерін ескере отырып, хирургиялық қан кету қаупі болды. Біз оны асқынусыз алып тастадық. Барлығы ойдағыдай өтті!" - деді дәрігер Ирек Мингазов.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы жақсы. 
15 желтоқсан 2020 ж. 457 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930