» » Алексей Цой сайлау күніндегі санитарлық талаптарды атады

Алексей Цой сайлау күніндегі санитарлық талаптарды атады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 10 қаңтарда парламенттік сайлауға қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Stan.kақпарат агенттігі. 

"Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдады, құжатта бірқатар талап қарастырылған", - деді Цой. 
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қаулысына сәйкес сайлау учаскесіне қойылатын талаптар: 
  • кіре берісте термометрмен температура өлшеу; 
  • сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою;
  • сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс;
  • қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек;
  • жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру; кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтау;
  • келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет.
Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар туралы да айтып өтті.
"Сайлаушыларға қойылатын талаптар:
  • сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалану;
  • Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.
"Сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар бойынша жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы, қызыл аймақта 1 өңір, сары аймақта – 6 өңір сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенімді адамдар 5 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және ПТР-тест нәтижесі таза болуы қажет. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдар тегін тексеріледі", - деді министр.

03 қаңтар 2021 ж. 238 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30