» » ТҮРКІСТАН: Пәтер алуға ниетті азаматтарға ұзақ мерзімді несие беріледі

ТҮРКІСТАН: Пәтер алуға ниетті азаматтарға ұзақ мерзімді несие беріледі

Жыл соңына дейін шамамен 4000-ға жуық пәтер беру қарастырылған.



Түркістанда несиеге берілетін үйлер бойынша мәлімет беретін орталық ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістанның әкімі Рашид Абатұлы қаладағы екінші деңгейлі банк өкілдерімен жолығып, несиеге берілетін үйлер бойынша ақпарат карантин кезінде бір жерден және сайт арқылы іске асуы қажеттігін айтып, ыңғайлы жағдай жасауды тапсырды. Атап айтсақ, Түркістан қаласы бойынша құрылысы аяқталып тұрған 1, 2 және 3 бөлмелі үйлер екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасы аясында және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы кез келген пәтер алуға ниетті азаматтарға ұзақ мерзімге дейін несиеге беріледі.

Ол үшін Б.Саттарханов даңғылы бойындағы "Неке сарайында" 20 қаңтар күні ақпараттық орталық ашылады. Онда банк өкілдері 3 бөлмеге дейінгі үйлерді қалай, қанша теңгеге және қанша уақытта алатыны бойынша ақпарат береді. Сондай-ақ, пәтерге өтінім беруге арналған сайт ашу қажеттігін ескертіп, үй берілуі бойынша ақпарат сайт арқылы біліп, одан кейін ғана құжаттарды жинақтауға мүмкіндік беру қажеттігін айтты.

Жалпы, облыс орталығында несиеге арналған пәтерлердің 198-ін наурыз айының соңына дейін беру жоспарланған. Айта кетейік, үйлердің 1 шаршы метрі 180 мың теңгені құрайды. Ал, жыл соңына дейін шамамен 4000-ға жуық пәтер беру қарастырылған.


12 қаңтар 2021 ж. 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930