«7-20-25»: қанша қазақстандық пәтер сатып ала алады
LS басылымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша жаңа пәтер сатып алуға болады жәнеорташа бір бөлмелі пәтерге қанша төлеу қажет екенін есептеп көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда несиелеуге бөлінген 1 трлн теңгеге көлемі 35 ш. м болатын 135 мың бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Мұндай баспананы 9,25 млн теңге шамасында табуға болады. Ай сайын кредитке 53,3 мың теңге төлейсің.

Таразда пәтердің бір шаршы метрінің бағасы басқа өңірлерге қарағанда төмен, сол себепті онда 307,9 мың пәтер сатып алуға болады. Ал ай сайынғы төлем – 22,9 мың теңге. 25 жылда барлығы 7,7 млн теңге төлейсің. Петропавл, Талдықорған мен Қызылордада 250 мыңнан астам бір бөлмелі пәтерді алуға болады.
Астана, Алматы, Атырауда 100 мыңдай пәтерді сатып алуға болады. Бұл қалаларда ипотека құны басқаларына қарағанда қымбат, ай сайынғы төлем – 64 мың теңге.

Қазақстан құрлысшылар одағының ресми зерттеуіне сәйкес қазіргі таңда 2,5 млн жуық қазақстандық баспанаға зәру.
Осылайша, 35 шаршы метрлік пәтермен баспананы қажет ететін отбасылардың 5%-ін (әрбір 18-ші өтінім беруші) ғана қамтуға болады. Егер 15-20 млн теңге тұратын займдарды толық кредиттеуді есепке алсақ онда баспаналы болатын қазақстандықтардың саны одан сайын азаяды.
Еске сала кетсек, «7-20-25» бағдарламасымен 25 млн теңге көлемінде Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында, 15 млн теңге көлемінде басқа өңірлер ипотекалық кредит алу мүмкін болып отыр.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың 20 шілдесінде Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы арқылы 1,11 млрд теңге сомасында 95 ипотекалық кредит берілді.

Baq.kz
Пікір 2