» » Баспана қымбаттайды: 7-20-25 бағдарламасы нарыққа қалай әсер етеді

Баспана қымбаттайды: 7-20-25 бағдарламасы нарыққа қалай әсер етеді


Қазақстанда баспана бағасы қымбаттауда. Ranking.kz аналитиктерінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде жаңа үйлердегі шаршы метрдің орташа құны 260 мың теңгеден асып түскен. Елімізде ең қымбат баспана Астана қаласында. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Биыл елордалық құрылысшылар алматылықтардан асып түсті. Бұл орайда мамандар бағаның арзандауын күтпеуді өтінді. Олар әлі салынып бітпеген тұрғын үйлерден пәтер алуға кеңес беруде. Арзаны әрі тиімдісі сол, дейді мамандар.
Қыруар қаржымен қоса арманыңды да көкке ұшырудың қаупі жоғары. Нарықта күмәнді компаниялар қаншалықты тез пайда болса, соншалықты тез жабылып жатыр. Мәселен, өткен айда ғана нарықта мыңға жуық фирма жабылды. Ал үлескерлерді тартуға небәрі 85 құрылыс мекемесінің заңды құқығы бар. Олармен жұмыс істейтін болсаңыз, бірнеше жылдан кейін берілетін пәтерге ие болуға болады. Сол кезде жақсы пәтерді жарты бағасына алуға мүмкіндік бар.
Мәселен, бүгінде 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер орташа есеппен алғанда 19,5 миллион теңге тұрса, тек 2020 жылы пайдалануға берілетін дәл осындай шаршы метрлі үйді небәрі 8 миллион теңгеге алуға болады. Яғни 40 пайызға арзан. Алайда қазақстандықтар ауаға ақша салудан қорқады. Жалпы дайын баспананы алуға асық тұрған халық та көп емес.
“Қазір жылжымайтын мүлік нарығы бір орында тұр. Бүгінде оны екі категорияға бөлуге болады – ол элиталы және қолжетімді баспана. Қазір элиталы баспанаға сұраныс жоқ. Көбінесе ондай үй иелері оны сатып, шетелге кетуді қалайды. Ал сатып алу мүмкіндігіне орта тап ие”, – дейді риелторлық компанияның жетекшісі Айкүн Тәжімбетова.
Қазақстанда ең арзан баспана – Тараз қаласында. Ал көршілес Шымкентте одан 2,5 есеге қымбат. Ол жақтағы баспана құны елорданікімен бірдей. Астанада бір шаршы метр 332 мың теңге тұрады. Бұдан кейінгі орында Алматы қаласы тұр. Ал алдыңғы үштікке мұнайшылар қаласы кірді.
Алайда ескере кететін бір жайт, бұл сандар жақын арада күрт өзгеруі мүмкін.
“Баға көтерілуі мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, 7-20-25 бағдарламасы жарияланды. Саудагерлер не істейді? Олар: “Жақсы, нарыққа жаңартылған баға енеді”, – деп отыр. Бір триллион теңге. Бұл ақша – дағдарыс кезеңінде барлық банктерге берілген ипотека ақшасы. Айналдырған 4-5 жылдың ішінде бағаның қалай өскенін көрдіңіздер. Мұны нарық жақсы қабылдайды. Тиісінше, баға көтерілуі тиіс”, – дейді сарапшы Ботагөз Жұманова.


http://stan.kz
01 маусым 2018 ж. 1 348 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 11:39
Amoxicillin And Nursing Baby Viagra Rezeptfrei In Deutschland cialis generic Kamagra Soft Tabs 100mg Generic Viagra Online

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 21:28
Malegra 100 Pro viagra Priligy 30 Mg Prezzo

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930