» » Қызылордада баспана алудың негізгі қағидаттары түсіндірілді

Қызылордада баспана алудың негізгі қағидаттары түсіндірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы халық көп шоғырланатын орындардың бірі «Жайна» сауда үйінде «Баспана алудың негізгі қағидаттары» тақырыбында акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш шараға облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы қолдау білдірді. Аталмыш іс-шараға қауымдастық мамандарымен бірге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» менеджері Мырзайым Махатаева шақырылды. Акция барысында ең маңызды мәселеге айналған тұрғын үй тақырыбы жайында кеңінен ақпарат берілді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғын үйлерді ұсыну тәртібі мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алудың жаңа әрі ыңғайлы жүйелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қордаланған сауалдарымен тұрғын үй қатынастары бөліміне жиі баратын халық бұндай шараның тиімділігін ескеріп, белсенділік танытты, баспаналы болудың заңдылығымен танысты. «Елбасы жыл сайынғы жолдауында тұрғын үй құрылысын дамытудың бағытын айқындап, басымдығын нақтылап, осы сала қызметкерлеріне салмақты міндет жүктеп келеді. Биыл да баспана алуға қатысты жаңа «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы айқындалды. Акция барысында Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» бағдарламасы да түсіндірілді», - деді Мырзайым Махатаева.
08 мамыр 2018 ж. 874 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 681

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031