Ерекше қауіпті зиянкес- шегіртке дернәсілімен күрес

«РФДжБӘО» ММ Жалағаш ауданы филиалы мамандарының 2017 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Жалағаш ауданы көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына республикалық бюджет есебінен қарастырылып отыр. Азиялық шегірткеге қарсы - 9600 га, италияндық прусқа қарсы - 8885 га , аса жеңіл ұшақпен-10698 га, жер агрегатымен-7787 га, барлығы-18485 га көлемге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі, осы көлемге химиялық өңдеу жұмыстарына бөлінген инсектицидтер ауданымызға келді. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген уақытта адам денсаулығына, сыртта жайылып жүрген малдарға, асыранды бал араларына зиянды екенін ескертеміз, осы жоғарыдағы аталған жайларға байланысты химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде үйірлі шегіртке дернәсілдері көптеп шыққан уақытта әр ауыл округтеріндегі күріш егетін шаруашылық басшылары мен жұмысшылар «РФДжБӘО»ММ Жалағаш аудандық филиалы мамандарына немесе ҚР АШМ АӨК МИК-нің Жалағаш аудандық инспекциясына хабарласуды сұраймыз
ҚР 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 санды «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының талаптарының орындалуына сәйкес аудан көлеміндегі барлық тауар өндірушілер қолайлы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге , ерекше қауіпті зиянкестердің көбеюуінен сақ болғанымыз жөн
Б.Ақбергенов
ҚР АШМ АӨК МИК-нің
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы: