» » ЗИЯНКЕС ӨНІМ САПАСЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

ЗИЯНКЕС ӨНІМ САПАСЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Калифорниялық қалқаншалы сымыры еліміздің барлық аймағында кездеседі. Бұл зиянкес алма, алмұрт, абрикос, грек жаңғағы, айва, акация, сыр талы, қара тал сияқты 270 түрлі өсімдікті зақымдайды. Жердің үстіңгі бөлігіндегі жеміс ағаштарының бұтақтары мен жемісіне зиян келтіреді. Калифорниялы қалқаншалы сымыры зиян келтірген өсімдіктер 43/100 пайызға дейін өнім беруін жоғалтады. Зиянкес ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті, денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді. Шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9 мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм-ге дейін жетеді. Дәрнәсілдің денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы бар. Көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы дәрнәсіл қалпында қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда 2 жастағы зиянкес пен ересектері де қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру» кезеңі басталысымен олар қысқы ұйқыдан оянады да 10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады. Ұрғашы сымырлар 50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 дәрнәсіл табады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питомниктер мен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өседі. Бұл зиянкес аудан көлемінде екпе ағаштарына зиян келтіруде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Карантиндік нысандар мен аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін бекіту туралы» 2002 жылдың 10 желтоқсанындағы № 1295 Қаулысына сәйкес, ірі аудандарда ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіретін немесе карантиндік мәні бар зиянкестердің аса қауіпті түрлеріне қарсы қорғау шаралары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Аудан бойынша биыл мониторинг шаралары 15 наурыз бен 15 тамыз аралығында жүргізіледі. Өткен жылмен салыстырғанда кезбелердің шығуы кеш және созылыңқы болады деп болжануда. Оған көктемнің созылмалы және қазіргі уақытта салқын болуы әсер етуде.
Өткен жылмен салыстырғанда химиялық өңдеу болжамы көлемінің төмендеуі байқалды. Бұл азаю ағымдағы жылдың ауа райының климаттық жағдайы, көктем кезіндегі агротехникалық шаралардың жүргізілуінің дәлелі. Биыл калифорниялық қалқаншалы сымырға өңдеу болжамының көлемі аудан бойынша 10 гектарға жоспарланып отыр.
Болатбек Акбаров,
«РФД ж БӘО» РММ аудандық филиалының
энтомолог маманы.

17 наурыз 2018 ж. 1 343 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930