» » "Аяқ-қолым жоқ деп отыруға ұяламын": Аяғы мен бір қолынан айырылған қызылордалық азамат отбасын өзі асырап жүр

"Аяқ-қолым жоқ деп отыруға ұяламын": Аяғы мен бір қолынан айырылған қызылордалық азамат отбасын өзі асырап жүр

Қызылорда қаласының тұрғындары Сейітбаевтар отбасын жақсы біледі. Жанұяның отағасы Бақытжан Сейітбаев - І топ мүгедегі. Сүйікті жары Күләш Тілеуова да қос аяғынан айырылған жарымжан жан. Бүгінде олар бір қызды тәрбиелеп отыр. Мүгедектігіне қарамастан екеуі де жұмыс жасап, нәпақасын өздері табады. Бөтен адамға алақан жайып, көмек сұрауға намыстанады. Stan.kz сайтының тілшісі ерекше отбасында қонақта болып, мүмкіндігі шектеулі жандармен сұхбат құрып қайтқан еді. 


Бақытжан мен Күләш 2002 жылы алғаш рет кездескен. Болашақ ерлі-зайыптыларды туыстары таныстырып, екеуінің отбасы құруларына септігін тигізген. Сол уақыттан бері ер азамат сүйікті жарын жанынан тастаған емес. Екеуі бірге өмірдің ащысы мен тұщысын татып, қиындықтарға төтеп беріп келеді. 

"Негізінен мен өзім Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тумасымын. Әскерден мүгедек болып оралдым. Жүріп бара жатқан пойыздан секіргенімде бір қолым мен екі аяғымнан айырылдым. Бастапқыда тағдырыма қатты налыдым. Болашағымды елестету тіпті қиын еді. Өмірден түңіліп кеткен кездерім болды. Алайда отбасым мен жақындарымның көмегінің арқасында өмірді жаңадан бастадым", - дейді Бақытжан Сейітбаев.  

Бастапқыда ерекше отбасы Шиелі ауданында тұрған. Кейін облыс орталығына көшіп келген. Қазір Бақытжан мен Күләштің Жансая есімді қыздары бар. Бүгінде 18 жастағы бойжеткен гуманитарлық колледжде білім алуда. Болашақта ұстаз болғысы келеді. 
"Қазір қызымыз үшін өмір сүреміз. Жансая - өміріміздің мәні. Баламыз қатарынан қалмауы үшін жанымызды салып жұмыс жасаймыз. Қызымыз өте ақылды, бізuе ерекше қамқор. Үйдің шаруасының дөңгелетіп отыр, үнмі анасына қолғабыс береді", - дейді отағасы. 

Күләш Тілеуова да қос аяғынан теміржол бойында айырылған. Келе жатқан пойызды байқамай қалған бойжеткен өмірінің соңына дейін мүгедектер арбасына тәуелді. Дегенмен, тағдырдың соқпағына тойтарыс берген келіншек өзін мүгедектер қатарына жатқызғысы келмейді. 
"Өмір адамға бір - ақ рет беріледі. Бұл Алланың жазғаны, басқа түскен сынға шыдаудан басқа амалымыз жоқ. Әрине, біздің де ел қатарлы өмір сүргіміз келеді. Өз аяғымызбен жүріп, емін-еркін қозғалғанға не жетсін. Дегенмен, осы күнімізге шүкіршілік етіп отырған жандармыз", - дейді Күләш. 

Бақытжан Сейітбаевтың жеке көлігі бар. Ер азамат жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Күнделікті тапқан табысына азық-түлік алып, жанұясын асырап жүр. Көлігін арнайы құрылғымен тізгіyдеуге ыңғайлы етіп алған. Қызылордалықтың айтуынша, ең басты жолаушысы әрине қызы Жансая. 

"Таңертең қызымды колледжіне апарып тастаймын. Өзімнің тұрақты жолаушыларым бар. Алғаш рет көлігіме мінген клиенттің кейде үркіп қарайтынын байқаймын. Ондай кездері өзімді жайсыздау сезінетінім рас. Бірақ ең бастысы - жолаушыны діттеген жеріне аман-есен жеткізу. Жұмысқа қыс мезгілінде ғана шыға алмаймын. Аяғыма суық тигізіп алудан қорқамын. Қалған уақыттың барлығында жұмыстамын. Тапқан табысымды жанұяма, Жансаямның шығындарына жұмсаймын", - деп ағынан ақтарылды азамат.  

Күләш Тілеуова да қол қусырып қарап отырған жоқ. Ол өз ісін жақсы білетін ісмер әйел. Түрлі төсек жабдықтарын тігіп, көпшіліктен тапсырыстар қабылдайды. Қыз жасауын әзірлеп, көрпешелерді қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әсемдейді. Бүгінде Күләшқа тапсырыс берушілердің қатары аз емес. Дайын өнім олардың көңілінен шығады. 

"Қайырымдылық қоры тарту еткен тігін машинам бар. Қызым көп көмектесді. Қазір Жансая да тігін тігуді үйреніп жүр. Тапсырыс берушілерім жұмысыма риза, алғыстарын жаудырып кетеді. Әр жұмысты сапалы етіп жасауға тырысамын. Өз қызметіме алатын ақым да айтарлықтай қымбат емес. Бұл бір жағынан табыстың көзі болатын болса, екінші жағынан уақытты тиімді өткізуге көмектеседі", - дейді қызылордалық әйел. 
12 сәуір 2021 ж. 8 818 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930