» » Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады

Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады

Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 2020 жылы олардың саны шамамен 1025 болған. Қазір ардагерлер қатары сирепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді. 
"2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665 ардагер қалды. Егер ардагерлер мен оларға теңестірілгендер санатын алсақ, тыл еңбеккерлерін қосқанда, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін азайды", - дейді Әукенов. 
Осы орайда Әукенов Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан барша Қазақстан халқын жеңіс күнімен құттықтады.

"Әрбір адамның борышы – өз елінің өткенін білу және құрметтеу, барлық ұрпақтың жарқын болашағы жолында жеңіске жету үшін майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерліктерін ұмытпау. Соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамдар құрылды", - деді Ерлан Әукенов.

"Жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте батыр атанды, 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіске жету жолында қасық қаны қалғанша күресіп, өмірін қиды - ұрыстарда қаза тапты, жаралар мен аурулардан көз жұмды, хабар-ошарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады", - деді вице-министр.
06 мамыр 2021 ж. 739 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930