» » Соғыс ардагерлерінің бәріне Мемлекет басшысы атынан сый тапсырылады

Соғыс ардагерлерінің бәріне Мемлекет басшысы атынан сый тапсырылады

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен қалай құттықтау жоспарланып отыр? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сыйы тапсырылады. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкесі де сыйға беріледі», - деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.
Айта кетсек бұған дейін Ерлан Әукенов Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 1 025 ардагері барын мәлім еткен еді.
Ал Мемлекет басшысы ресейлік «Мир» арнасына берген сұхбатында биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілетінін хабарлаған болатын.
06 мамыр 2020 ж. 443 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930