» » МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Жыл сайын жалағаштықтар 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнін өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Биыл да Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Мың тағзым саған, майдангер!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Алдымен, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев пен бір топ еңбек және тыл ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлер рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанат орталық алаңда «Мың тағзым саған, майдангер!» атты мерекелік шараға ұласты. Жалағаштықтарды Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығымен құттықтап, сөз сөйлеген аудан басшысы сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласы қандай көмек пен қолдау көрсеткенін, қарыштап дамып келе жатқан ел әлеуетінің барша жетістіктері соғыс өртін өшірген аталарымыз бен аналарымыздың еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
– Ұлы Отан соғысына Жалағаш ауданынан 2316 азамат қатысып, 1621-і майдан даласында мерт болды. Елге аман-есен оралған 695 азамат – бейбіт уақытта да елдің дамуы үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі күні адамзат тарихындағы аса ауыр да қасіретті соғысты бастан кешірген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істері біздің жадымызда мәңгілік сақталады. Әкелеріміздің жүріп өткен жауынгерлік жолы, ерлігі – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Бұл жол өскелең ұрпақты еңбекке, Отанды қорғауға рухтандырады, – деді аудан әкімі.
Шара аудан көркемөнерпаздарының театрландырылған мерекелік қойылымы мен концерттік бағдарламасына ұласты.
Мұнан соң тыл ардагерлеріне жуырда ашылған “Coworking” орталығы таныстырылды. Сондай-ақ осы күні ау­дан әкімі тыл ардагері Сахы Қалыбаевқа "Облыстың құр­метті ардагері" төсбелгісін табыстады.

Н.ЖАНҰЛЫ.

14 мамыр 2019 ж. 1 344 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930