Жалағаштықтар Жеңіс мерекесін атап өтті

Салтанатты шара орталық алаңда театрландырылған қойылымға ұласты. Жалағаштықтарды Ұлы Жеңіс мерекесінің 73 жылдығымен құттықтап, сөз сөйлеген аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласы қандай көмекпен қолдау көрсеткенін, қарыштап дамып келе жатқан ел әлеуетінің барша жетістіктері соғыс өртін өшірген аталарымыз бен аналарымыздың еңбегі арқасында екендігін атап өтті.
Салтанатты шара барысында аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары аудан тұрғындарының назарына концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күйдің көтеріңкі болуына үлес қосты.