» » ЕРЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

ЕРЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

Сәрсенбіде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы­на орай «Тағзым» аллеясында дүниеден өткен жалағаштық ­жауын­герлерге арнап жерлестері құран бағыштады. Алдымен жиынның маңыздылығына тоқталған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов олардың ерлік істерін кейінгі буынға насихаттау және ардагерлерге жасалатын құрметтің бұл бастамасы екенін жеткізді. Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңісінің төрағасы Садық Әлиев ерліктің қашанда ел жадында жаңғыра берерін айтты. Сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш алдына құрмет гүлі қойылып, құран бағышталды.
Ерлікке тағзым ету мақсатындағы шара аудандық мәдениет үйінде жал­ға­сын тапты. Жиналған қауым алдымен жастық шақтарын соғыс өрті шарпып, өздеріне беймәлім жат ел үшін қан төгіп, қыршын болған жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан кейін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ауған соғысы ардагерлерін, бүгінгі бейбіт өмірдің үздік еңбеккерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен, мерекелік медальмен марапаттап, оларға қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайтынын жеткізді.
– Сіздер қазақ деген халықтың ұлдары екендеріңізді, сертке берік, ел дәстүріне адал екендеріңізді ауған жерінде дәлелдедіңіздер. Сондықтан, сіздерге бүгінгі күні қандай құрмет көрсетілсе де жарасады, ерлік істеріңіз қандай құрметке де лайық, – деді аудан басшысы.
Мұнан бөлек Қайратбек Сәрсенбаев ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрметтің бұл басы да, аяғы да емес екенін жеткізді. Сондай-ақ, жерлесіміз, қарымды қаламгер Тұрақ Адисұлының "Жалағаштан Ауған жеріне дейін" атты кітабының мән-мағынасының тереңдігін, осы еңбекте жауынгерлердің ерлік істерінің толық дәріптелгенін атап өтті.
Кеш барысында ауған соғысының тарихынан сыр шертетін көріністер қойы­лып, Ауған соғысының арда­гер­ле­рі, аудандық мәдениет үйінің көр­ке­м­­­­­­­өнерпаздары, ішкі істер бөлімінің қыз­мет­керлері өнерлерін ортаға салды.
Бұл соғысқа облыс бойынша 800-ге жуық адам аттанса, оның 34-і жалағаштық жауынгерлер болатын. Өткен жылы аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясында Ауған соғысына, Семей, Черно­быль апаты зардаптарын жоюға қа­ты­сушылардың құрметіне арналған ескерткіш бой көтерді. Сонымен қатар, биыл ауған соғысына қатысқандарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 24 адамға 1 млн 818 мың теңге, яғни 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр адамға 75 750 теңгеден бір рет әлеуметтік көмек көрсетілді. Жақында облыстық бюджеттен қосымша 2 млн 424 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, бір рет 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр адамға 101 мың теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.
Расында бұл ардегерлерге жасалып жатқан құрметтің басы да, аяғы да емес. Оқ пен оттың ортасында жастық шағын өткізген ағалардың өмір жолы өскелең ұрпаққа өшпес өнеге болары сөзссіз.

Е.СОЗАҚБАЕВ.


23 ақпан 2019 ж. 996 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930