» » Қазақстанда кейбір жанармай құю бекеттері жабылуы мүмкін

Қазақстанда кейбір жанармай құю бекеттері жабылуы мүмкін

Қазір Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тоқтап тұр. Салдарынан бензин тапшылығы пайда болды.

Елімізде кейбір жанар-жағармай құю бекеттері жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Жанар-жағармай нарығындағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығы пікір білдірді. Қазір Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тоқтап тұр. Салдарынан бензин тапшылығы пайда болды. Мұны қазақстандық жанар-жағармай қауымдастығы растайды.

"Ал енді Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына кіріседі деген ақпарат бар, онда жағдай, тіптен қиындайды. Іле-шала Павлодардағы зауыт та осындай себептен өндірісін уақытша тоқтатуы мүмкін. Қазір мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі ірі желілерге таратылып жатыр. Ал ұсақтары алып-сатарлар көмегіне жүгінуге мәжбүр. Соңғысында баға, сәйкесінше жоғары болады. Осы және өзге де себептерге байланысты еліміздегі кейбір жанармай құю бекеттері жабылуы мүмкін", - дейді қауымдастық өкілдері.
11 мамыр 2021 ж. 339 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930