» » ЕҢБЕК ДҮБІРІ ҚЫЗА ТҮСТІ

ЕҢБЕК ДҮБІРІ ҚЫЗА ТҮСТІ

Мамыр айы да ОРТАСЫНА ТАЯП ҚАЛДЫ. Енді ауа-райынан қауіп жоқ, жердің бауыры жылыды. Толассыз жауын-шашын да аса қажет емес. «Қыстың қамын жаз ойла» депті бұрынғылар. Бұл мәтелдегі қыс қамына кірісетін мезгілдің өзі шаруалар үшін кеш. Олар қыстың қамын жазда емес, ерте көктемнен бастап ойлайды.

Биыл да сол көктем басталғаннан егіс даласына шық­қан шаруалардың жұмысы қазір қыза түсті. Ау­да­нымыздағы кейбір шаруашылықтар ерте көктемнен да­йындаған күріш алқаптарының біраз бөлігіне дән сеуіп тастады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметінше, биыл орналастырылатын ауыл ша­руашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес жылдағы үрдіс бойынша 36 850 гектар жерді егiстік алқапқа айналдыру жоспарланып отыр екен. Оның ішінде 20 400 гектарға Сырдың негізгі дақылы күріш, 600 гектарға жаздық бидай, 72 гектарға жүгері, 30 гектарға жаздық арпа, 2 200 гектарға мақсары, 3 960 гектарға жаңа жоңышқа, 6 800 гектарға ескі жоңышқа, 500 гектарға картоп, 1000 гектарға көкөніс және 1 200 гектарға бақша өнімдерін егу межеленіп, 90 гектар күздік бидай күтімге алынған.

Дәл қазіргі уақытта жоспарланған жаздық бидай, жүгері, жаздық арпа, мақсары, жаңа жоңышқа да­қыл­дарын орналастыру жұмыстары межеге сәйкес уа­қытылы толық орындалған. Сонымен бірге межеленген 500 гектар картоптың 80 гектары (16,0%), 1000 гектар көкөнiс дақылының 412 гектары (41,2%), 1 200 гектар бақша дақылының 400 гектары (33,3%) егілген. Ал 20 400 гектар күріш алқабының 8 457 гектарына тұқым себіліп, 5 435 гектары суға бастырылған. Бұл осы күнге дейін атқарылған жұмыстардың есебі. Қимылдайтын уақыт әлі алда. Көктемгі егіс науқаны аяқталған соң осыншама жерді күтіп-баптау қара күзге дейін жалғаса береді. Сондықтан дала еңбеккерлері енді қарқынды үдетпесе, баяулатпайды. Сонымен бірге бұл жұмыстарды күнделікті назарда ұстап, бақылап отырған ауыл шаруашылығы бөлімі биыл барлық шаруашылық құрылымдарына жер дайындау жұмыстары кезінде қатаң талап қойып отыр екен. Атап айтсақ, күріш егумен айналысып отырған жер иесі егіс даласындағы атқарылатын барлық жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, агротехникалық талаптарға сай жүргізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, егістіктің кейбір танаптарына су көтерілмей, су тапшылығы туындайтынын айтады.

Қуат АХЕТОВ



12 мамыр 2021 ж. 322 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930