» » Жалағашта егін егу басталды

Жалағашта егін егу басталды

Бүгін Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығында алғашқы дән себу рәсімі өтті.
Шаруа қожалық өткен жылы 603 гектарға күріш егіп, әр гектарынан 60 центнерден өнім алса, биылғы жылы 858 гектарға күріш егіп, әр гектардан 65-70 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.
Шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай, жаздық бидай, мал азығындық дақыл - жоңышқа да өндіріп келеді. Атап айтқанда, 60 гектар жаздық бидай, 80 гектар жаңа жоңышқа, 191 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.
- Жалағаш ауданы - ауылшаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. «Ақ күріштің Қостанайы» атанған Жалағаштың диқандары былтырғы жылы үлкен сенімнен шықты. Күміс дәнін күнге сүйдіріп, ырзығын ысырапсыз жинап алған бейнеткер қауым ел ризығын молайту жолында аянып қалмады. Былтыр аудандағы шаруашылық құрылымдары 36 391 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның 22 382 гектары Сырдың бағалы дақылы – күріш болса, биылғы жылы 36 465 гектар жерге егiс егу межеленіп отыр, - деді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев дән себу рәсімінің алғашқы сөзінде.
Сондай-ақ, шара барысында шаруа қожалық төрағасы Әліби Бекжанов, ауыл ардагері Төлеміс Бектаев сөз сөйлеп, диқан қауымына алғыстарын жеткізді.
Айта кету керек, аудан бойынша 2019 жылдың егісі үшін 5 500 тонна күріш тұқымы дайындалды. Дайындалған күріш тұқымының 550 тоннасы Янтарь, 4745 тоннасы Лидер, 205 тоннасы Фаворит сорттары.
Бұдан басқа 2019 жылдың егісіне ауылшаруашылығы құрылымдарының өз күшімен 51 тонна жаздық бидай, 8 тонна арпа, 55 тонна мақсары, 53 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды.
Сонымен қатар, көктем егісіне аудан бойынша 402 трактор, 91 соқа, 33 тұқым сепкіш, 100 жүк автомашинасы, 155 трактор тіркемелері қатысады.
26 сәуір 2019 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30