» » ЖҰМЫС екпіні ОНЫҢ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТЕДІ

ЖҰМЫС екпіні ОНЫҢ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТЕДІ

Көктем келісімен егіс жұмыстарына кірісетін диқандар биыл да жылдағыдан кем өнім алмау мақсатында еңбектенетін­діктерін жеткізді. Біздің бұған ауылдарды аралап, оқырмандармен кездесу өткізгенімізде көзіміз жетті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы ауданда барлығы 36391 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнім толық жиналған. Ауа райының қолайсыздығына, судың тапшылығына қарамастан диқандар ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, 22382 гектар күріштің әр гектарынан 56,6 центнер немесе 126587 тонна өнім алынды. Сонымен қатар, егілген 401 гектар жаздық бидай, 4559 гектар жаңа жоңышқа, 4456 гектар ескі жоңышқа, 641 гектар картоп, 1000 гектар бақша, 2200 гектар мақсары дақылдары толық жиналды.
Даладағы дүбір басталғалы бері шамалы ғана уақыт өтті. Егіншілер жерін өңдеп, шөбін өртеп, тазартудың қамында жүр. Мұның барлығы – егіс даласын жаңа егін маусымына әзірлеу жұмыстары. Осы мәселе төңірегінде аудан әкімдігінде өткен жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов биыл 36 749 гектар алқапқа егiн егу межеленіп отырғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 21800 гектар күріш егілсе, мақсарыны 2 200 га, жаңа жоңышқаны 3621 га, ескі жоңышқаны 6093 га, картопты 500 га, көкөнiсті 1000 га, бақша өнімдерін 1 200 гектар жерге орналастыру жоспарланған.
Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. Егін шаруашылығында да алға ілгерілеушілік бар. Ау¬дан диқандары рекордтық өнім алуды дәстүрге айналды¬рып, қамбаны қазынаға толтыруда алдына жан салған емес. Бұл сөзімізге бір кездері Қызылорданың Қостанайы атанған Жалағаштың Сырда өсірілетін күріштің үштен бір бөлігіне жуығын өндіретінін айтсақ та дәлел бола алады.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

13 сәуір 2019 ж. 601 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30