» » АҚ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

АҚ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ



Аудан шаруашылықтары биылғы жылғы көктемгі егіс жұмыстарына жан-жақты әзірлікпен кіріскен болатын. Аудан шаруашылықтарында сапалы жөндеуден өткен 363 трактор, 91 соқа, 33 тұқым сепкіш, 100 автокөлік, 155 трактор тіркемесімен егіс орналастыру жұмыстарына қатыстырылды. Соның нәтижесінде кешегі күнге дейін 3500 гектар жаңа жоңышқа, 285 гектар жаздық бидай, 60 гектар арпа, 1900 гектар мақсары дақылдары егіліп, ескі жоңышқа толығымен тырмаланды. Енді санаулы күндерден кейін күріш егу жұмыстары басталады. Биылғы жылы аудан бойынша 18100 гектар күріш егу жоспарланып отыр.

«ЖЖ» ақпарат.
24 сәуір 2018 ж. 1 248 0