КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысына байланысты жиын өтіп, оған кент, ауыл әкімдері, шаруашылық, құрылым басшылары қатысты. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алдымен аудан әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы өкімімен Ержанов Рүстем Дастанұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлап, өмірдерегімен таныстырып өтті және алдағы қызметіне табыс тіледі.
Аудан басшысы ауданымыз негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатынын айта келіп, көктемгі егіс жұмыстарына жан-жақты дайындықпен барудың маңыздылығына тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев 2017 жылдың қорытындысы және алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы жайлы баяндады.
2017 жылы ауданда егін шаруашылығы саласында 133 шаруа қожалығы, 14 ЖШС жұмыс жасап, аудан бойынша 35 478 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айту керек, 2017 жылы келісілген меморандумнан 4375 гектар күріш, 204 гектар жаздық бидай артық егілсе, 389 гектар мақсары, 249 гектар ескі жоңышқа, 236 гектар картоп дақылдары межеден кем орналастырылды.
Егілген дақылдардың әр гектарынан жаздық бидайдан 7,9, күріштен 55,3, арпадан 3,5, мақсарыдан 5, жаңа жоңышқадан 9,3, ескі жоңышқадан 35,6, картоптан 109,5, көкөністен 174, бақша дақылдарынан 210,4 центнерден өнім алынды.
Бүгінгі таңда жерді қайта айналымға қосу үшін аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары 1990-2000 жылдары пайдаланудан шығып қалған инженерлік жүйедегі жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Нәтижесінде соңғы 3-4 жылда 4,5 мың гектар жердің каналдарын, қашыртқыларын қазып, егістік жерлерді соңғы үлгідегі техникалармен тегістеп, қалпына келтірді. Бүгінгі күнге 5600 гектар инженерлік жүйедегі жерлер «МАRА» лазерлік жер тегістегішімен тегістелді.
2017 жылы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС-нен Ресей Федерациясына 222,5 тонна, Өзбекстан Республикасына 136 тонна ақ күріш, Қырғызстанға 884 тонна ұсақ күріш, «Магро» фермер қожалығынан Ресейге «Жиенбай» сортты 554,5 тонна қауын, 191,6 тонна тәтті бұрыш өнімдері экспортталды. Сонымен қатар, «АгроХолдингБайқоңыр» ЖШС-і 2017 жылы ауданның 18 шаруашылығына көктемгі егісті орналастыруға 438 млн. теңге қаржы бөлді. Аудан шаруашылықтары бойынша 2018 жылдың егіні үшін 16500 гектар жерге сүдігер айдалды.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша 32 722 гектар жерге дән себілмек. Тарқатып айтқанда, 18100 га күріш, 2200 гектар мақсары, 285 гектар жаздық бидай, 3500 гектар жаңа жонышқа, 5900 гектар ескі жонышқа, 900 гектар картоп, 787 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша, 50 гектар арпа егу межеленіп отыр. Меморандум бойынша егілетін негізгі дақыл күріштің көлемі 18100 гектар болса, қазіргі таңда аудан бойынша 156 шаруашылықтан қабылданған сызба бойынша бұл дақыл 22000 гектар жерге егілетін болып тұр. Оның 3766 гектары жайсын жер.
2018 жылдың егісіне 51 тонна жаздық бидай, 66 тонна мақсары, 52 тонна жоңышқа және негізгі дақыл күріштің 5100 тонна тұқымдары құйылды. Құйылған тұқымның 78 тоннасы суперэлита, 261 тоннасы элита, 4761 тоннасы I – репродукциялық тұқым. 51 тонна жаздық бидай, 24 тонна мақсары, 52 тонна жаңа жоңышқа тұқымдары жаппай репродукциялы. Бүгінгі таңда шаруашылықтарда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 13 800 тонна, ал гербицид көлемі 19 210 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 6 939 тоннасы сатып алынды.
Көктемгі егіске қажетті ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 410 трактор, 91 соқа, 35 тұқым сепкіш, 73 автомашина және 160 трактор тіркемесі бар. Бүгінгі күнге 348 трактор, 82 соқа, 31 тұқым сепкіш, 60 автомашина, 139 трактор тіркемесі жөндеуден өтті.
Бұдан кейін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Байболов жер ресурстарын пайдалану жағдайы мен жер заңдылықтарын сақтау туралы, «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің басшысы А.Табынбаев егістік жерлерге суды пайдалану және судың төлемдерін төлеу барысы жайлы баян етті.
Жиында қаралған мәселелерге талдау жасаған аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы аудан бюджеті кірісінің он пайызы шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің үлесінде екенін айтты. Аудан экономикасын дамытудың тиімді жолы шаруашылық жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру керектігіне тоқталып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапалы өнім алып салығы мен жұмысшылардың айлық жалақысын уақытылы төлеп келе жатқан ірі шаруашылықтардың жұмысындағы жетістіктерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, техникасы жоқ, адам күші аз, қарызға белшесінен батқан кейбір майда қожалықтардың жұмысын сынға алды. Өздерінің техникалары болмаған соң майда қожалықтар көктемде егінді орналастыру және күзде орып, жинап алу жұмыстарын дер кезінде атқара алмайды. Күзде кешігіп жауынның астында қалған өнімнің сапасы болмайды. Жұмысын жүргізе алмай шығынға бататын салық, суға беретін төлемдерін төлей алмайтын, жұмысшылардың айлық жалақыларын бере алмайтын қожалықтардың қажеті бар ма? Сондықтан бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар, ол майда құрылымдардың кооперативтерге қосып ірілендіру арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонда ғана егіс көлемін көбейтіп, үкіметтен субсидия алуға, лизинг арқылы шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мүмкіндік туады. Өйткені, ірі шаруашылықтардың қаржылық әлеуеті жоғары. Сондықтан бірлесіп атқарған жұмыстың берекелі болатынын айтты өңір басшысы.
Аудан бойынша егілетін егіс көлеміне берілетін минералды тыңайтқыш пен су мөлшерін білген аудан басшысы көктемгі егіске дайындық барысын пысықтап, алдағы міндеттерді айқындап берді. Ауыл шаруашылығын әр тараптандыру, оның ішінде майлы дақылдардың көлемін ұлғайту, агротехникалық шараларды сақтай отырып, жерді тиімді пайдалану, суға, салыққа берешегі бар шаруашылықтармен толық есептесу, майда қожалықтарды кооперативтерге біріктіріп, ірілендіру арқылы жұмыс жүргізу жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Сонымен бірге мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізінде жұмыс жүргізудің тиімділігіне тоқталған аудан басшысы кәсіпкерлер мен сала басшыларын аудан орталығындағы «Көркем әлем» тігін цехының қызметін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Жиын барысында шаруашылық басшылары үкімет тарапынан берілетін субсидияның мөлшері, мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу жолдары мен заңдылықтары жөнінде сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

С.БЕРТАЕВ.
Пікір 1