» » Ми қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды

Ми қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды

Ми қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды
Швецияның Svenska Dagbladet ғылыми ұсыныстар негізінде мидың қартаюын бәсеңдетудің жеті әдісін атады.

1. Ғалымдар бірінші кезекте  көбірек жаттығу жасауға шақырады. Дене белсенділігі миға да пайдалы.

2. Мидың өмірін ұзарту үшін күніне 7 сағаттан астам ұйықтау қажет. Аз ұйқы 50-60 жылдан соң мидың қартаю қаупін арттырады.

3. Жақсы тамақтану да маңызды. Каролина институтының профессоры Мэй-Лис Хеленниус көбірек көкөністер, жемістер, жаңғақтар, цитрус, зәйтүн майы және балық жеуге кеңес береді.

4. Артық салмақтан арылу керек.

5.  Ішек микрофлорасына күтім жасау керек. Басылымның мәліметінше, ми мен іш құрылысы арасында тұрақты байланыс бар. Психикалық денсаулыққа қажет серотонин гормонының 90 пайызы ішекте, он пайызы мида пайда болады.

6.  Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу өте маңызды, өйткені отбасындағы атмосфераның жақсы болуы ми денсаулығына жақсы әсер етеді.

7. Ғалымдар сонымен бірге өмір бойы жаңа нәрселерді білуге ұмтылу керек екенін айтады. Өйткені ізденіс мида жаңа жасушалардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

massaget.kz

19 мамыр 2021 ж. 342 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930